Басты бет Жаңалықтар Күрестен дәстүрлі халықаралық турнир өтті

Күрестен дәстүрлі халықаралық турнир өтті

Ақмола облысында ҚазКСР-ның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетовтің құрметіне 2001-2003 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында еркін және әйелдер күресінен дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

©Өңірлік баспасөз

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт кешенінде ұйымдастырылған байрақты бəсекеге Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген әр салмақтағы 400 астам спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 алтын, 15 күміс, 27 қола медальға қол жеткізді (Оның ішінде Ақмола облысының палуандары 1 күміс, 5 қола медаль иеленді). Өзбекстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс жəне 4 қола медаль, Əзірбайжан 3 алтын медаль, Қырғызстан 2 алтын, 1 күміс жəне 5 қола медаль, Ресей атынан қатысқан Бурятия командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алса, Саха (Якутия) командасы 1 алтын мен 1 күміс медальді қанағат тұтты.

Сонымен қатар, «Ең үздік техника» аталымы мен А.Қазымбетовтің арнайы сыйлығының иегерлері де марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version