«Көкшетау» мәдениет сарайында «Қоғамдық сананы жаңғырту – бірлікке және келісімге бастар жол» тақырыбымен өткен сессия жұмысына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин мен өңірдегі түрлі ұлттың 600-ге жуық өкілі қатысты. Жиналғандардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ақмола облысынан атынан қатысушылар да болды.
Осы ретте, аймақ басшысы еліміздегі халықтың бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуда Елбасының рөлін ерекше атап өтті.
«Этностардың достастығы – біздің басты байлығымыз, мақтанышымыз. Халық бірлігі – біздің басты жетістігіміз. Осы прициптерді ескере келе Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бүгіндері бұл ұлтарлық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың азаматтық институтына айналып отыр», — деді Мәлік Мырзалин.
Шара барысында Ассамблея белсенділері «Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20 жыл» медалі, ҚХА бірлігі алтын медалі мен «Құрмет» грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.