Басты бетЖаңалықтарМәлік Мырзалин...

Мәлік Мырзалин Қараөткел ауылының нысандарымен танысты

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, Қараөткел ауылында әлеуметтiк нысандарды аралап, ауылдың алдағы даму жоспарымен танысты.

Естерiңiзге сала кетейiк, осыдан бiр апта бұрын Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметi алаңында өткен баспасөз мәслихатында, Мырзалин журналистердiң Қараөткел ауылына қатысты қойған сауалдарынан кейін, елдi мекендегi ахуалды өз көзімен көріп қайтамын деп уәде берген болатын.

Даму жоспарының екiншi кезеңi бойынша мұнда ауылды сумен қамтамасыз ететiн Сабынды-Ақмол су таратқышын реконструкциялау жобасы әзiрленген, ендi осы жобаға сәйкес су таратқыш стансада күрделi жөндеу жүргiзу қажет, сонымен қатар, сумен қамтамасыз ететiн жүйелер құрылысы жоспарланған. Сондай ақ, алдағы уақытта мұнда 2 бала- бақша, ауыл ішіндегі 96 шақырым жолдың құрылысы көзделген. Ал, қажеттi әлеуметтiк нысандарды мемлекеттiк жеке серiктестiк арқылы инвестиция тартып шешудi жүктедi.

Сондай ақ облыс әкiмi, Астана iргесiнде орналасқан аудан әкiмдерi мен жауапты облыстық басқарма басшыларына журналистерге арнап, баспасөз мәслихатын өткiзiп тұруды жүктедi.

«Бұл шара, тұрғындардың түйiткiлдi сұрақтарына жауап берiп әрi халықтың жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысымен танысуға септiгiн тигiзедi», — дедi Мәлiк Мырзалин.

Аймақ басшысы ауылда 2010 жылы ашылған «Ақжелкен» бала-бақшасы мен жергiлiктi мектепте болды. Дәрiгерлiк амбулатория жұмысымен де танысты.