Провинцияның жалпы ішкі өнімі биылғы жылдың үш тоқсанында 6,7 пайызға, ал өткен жылдың қорытындылары бойынша 500 миллиард долларға өскен.
Облыс әкімі Хэбэй провинциясының губернаторы Сюй Цинь мырзамен кездесті.
Провинция басшысы Ақмола облысы мен Хэбэй провинциясының ұқсастығын ерекше атап өтіп, аймақтарға бауырлас аймақтар мәртебесін беру жөнінде тұтастай бірқатар нақты шараларды ұсынды. Кездесу барысында жоғары технология, ауыл шаруашылығы, қолжетімді тұрғын үй, қала желілерін қайта жаңарту, шикізатты терең өңдеу және туризмді дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
«Тараптар бірлескен профильдік жұмыс топтарын құру және таяу арада мәдени-танымдық бағдарламалар шеңберінде делегациялар алмасу уағдаластығына қол жеткізді, әр тараптан үйлестірушілер нақтыланды. Тезірек бауырластық қарым-қатынастар туралы Келісімге қол қою үшін жекелеген жұмыс тобы құрылатын болды», — деп атап көрсетті Мәлік Мырзалин.
Мәлік Мырзалин Шицзячжуань қаласының жоғары технологиялық ерекше экономикалық ауданында болды және аймақтың екі якорлық резидентінің қуаттылығымен танысты. Фармацевтика өндірісімен айналысатын, сондай-ақ, әлемдегі дәстүрлі қытай медицинасының патенттелген препараттарының ірі өндірушісі болып табылатын компанияның қызметімен танысып, жетістіктеріне назар аударды.
Ақмола облысының делегациясы сол сияқты, сүт өнімдерін өндіретін Қытайдағы ірі «Цзюлебао» зауытында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.