Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде 5 күн демалады

«Мереке туралы» заңға сәйкес Қазақстанда Наурыз мейрамы 21, 22, 23 наурыз күндері тойланады. Ал биыл заңды демалысқа сенбі және жексенбі (19, 20 наурыз) күндері қосылып отыр.

Осылайша биыл қазақстандықтар 19 мен 23 аралығында яғни сенбіден бастап сәрсенбіге дейін 5 күн демалады. Ал 24 наурыз барша қазақстандықтар үшін жұмыс күні.

Демалыс күндерін ауыстыру туралы әлі белгісіз.

Дереккөзnur.kz