Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда халықаралық КВН фестивалі өтті

Көкшетауда халықаралық КВН фестивалі өтті

Халықаралық КВН фестивалінде Ақмола облысының кубогы сарапқа салынды. Оған өңірдің командалары, сондай-ақ Петропавл, Теміртау, Қостанай және Омбы (РФ) қалаларынан келген қонақтар қатысты.

©Өңірлік баспасөз

Өнер додасында бас жүлдені Ақмола облысының «Агрофаки» КВН құрамасы жеңіп алса, 1-орынды «Васаби» Көкшетау жастар командасы, екінші орынды — петропавлдық «7UP» командасы иеленді. Жақсы ауданының мектеп құрамасы фестивальдің қола жүлдегері атанды.

Фестивальдің үздік актері болып Арнұр Құрбанәлі (көкшетаулық «Журтики» тәуелсіз командасы), үздік актриса ретінде Дарина Жүржанова (Қостанай қаласының «Сборная Автодор» командасы) танылды.

Кешті қазақстандық КВН ойыншысы («Казахи» және «Астана кз» командасы) Ярослав Мелехин жүргізді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version