Басты бет Жаңалықтар Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеп келгендерге Шымкент қаласы әкімдігінің бос орындары ұсынылып, мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың жолы түсіндірілді.

Фото: Inform.kz

Жұмыс берушілер келушілерге бірнеше талап қойды. Ең алдымен Қазақстанның заңнамаларын білуі  және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тесттен өтуі тиіс. Одан кейін мемлекеттік орган жариялаған конкурсқа қатысуы шарт. Сонан соң арнайы комиссияда әңгімелесуден өтіп, оң қорытынды алса жұмысқа қабылданады. Кадр таңдауда сондай-ақ  үміткердің іскерлігі мен біліктілігіне де аса мән беріледі.

Жәрмеңкеге келгендердің қатарында жоғарғы оқу орындарын биыл тәмамдаған түлектер көп. Басым бөлігі мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусына қызығушылық танытты. Оларға қаладағы бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымдар тізімі де ұсынылды.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version