Басты бетҚоғамЕлімізде тұңғыш...

Елімізде тұңғыш роботтандырылған xирургия және трансплантология орталығы ашылады

Шығыс Қазақстан облысында медицина саласын дамытуға бағытталған үш жылдық стратегиялық жоспар қабылданған. Осы жоспар бойынша дәрігерлердің білімін жетілдіретін үш деңгейлі оқу бағдарламасына 1,2 млрд. теңге бөлінген.

«1-деңгей бойынша биыл Семей мемлекеттік медициналық университетінде 1400 қызметкер оқыттық. 2-деңгей үздік профессорлар өңірлерде мастер-кластар жүргізді. 3-деңгей бойынша биыл 50 үздік дәрігерді әлемнің үздік клиникаларына 4-6 ай көлемінде тәжірибе алмасуға жібердік. 3 жылдың ішінде шетелдік клиникаларда 150 адамды оқыту жоспарланып отыр», — деді өңір басшысы.

Даниал Аxметов дәрігерлерді оқытуда ШҚО медицинасында маңызды төрт бағытқа басымдық берілгенін атап өтті. Олар: балалар ауруы, онкология, кардиология және бала туу. Сонымен бірге облыс әкімі медициналық құрал-жабдықтарды жаңарту мәселесіне тоқталды.

Сондай-ақ, Өскемен қалалық №1 аурухана базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе елдегі тұңғыш әрі бірегей Роботтандырылған хирургия және трансплантология орталығын ашу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

 

Бұл орталықты құруға облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінген, ал «Парыз» қоры қосымша 1,1 млрд. теңге қаржы құймақ.

ДереккөзBaq.kz