Қазақстандық хакер Yahoo желісіне кибершабуыл жасағанын мойындады

Карим Баратовтан бөлек тағы үш айыпталушы бар. Олардың екеуі — РФ ФҚҚ қызметкерлері. Олар Yahoo серверлеріне шабуыл жасағаны және тұтынушылар мәліметтеріне заңсыз қол сұққаны үшін айыпталып отыр.

Карим Баратов түсінік беру кезінде ФҚҚ қызметкерлерінің тапсырысымен хакерлік қызметтерді жүзеге асырғанын, 2010-2017 жылдар аралығындағы тұтынушылардың 11000-нан астам есептік жазбаларын бұзғанын мойындады.

Ол әрқайсысы 10 жылға дейінгі мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін айыптаудың 8 тармағы бойынша кінәсін мойындады. Кінәсін мойындау туралы келісім аясында жазасын өтеу мерзіміне қоса Баратов өз құрбандарының шығынын өтеп беруге, сонымен қатар, 2 250 000 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін айыппұл төлеуге келісім берді.

Сондай-ақ, ол Канадаға экстрадициялаудан бас  тартып, қазіргі уақытта Калифорния штатында қамауға алынды.

ДереккөзInform.kz