ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Министрліктің активіне жаңа тағайындалған вице-министрді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев таныстырды.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы — экономист. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды. 1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған. 2003-2006 жылдар аралығында — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен. 2012-2014 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап — «AlmexPetrochemical» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, 2016 жылдың ақпан айынан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметінде болды.

ДереккөзTengrinews.kz