Басты бет Жаңалықтар Женева қаласында Қазақстанның консулдығы ашылды

Женева қаласында Қазақстанның консулдығы ашылды

Женева қаласында Қазақстанның Елшілігі Құрметті консулдығының ресми ашылуы өтті. Шара Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерация арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай болды.

©Egemen.kz

Аталған іс-шараларға ресми және іскер топтарының өкілдері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшісі Жанар Айтжанова, Швейцария Сыртқы істер департаментінің Протокол басшысы, Елші Мауро Рейна және Қазақстанның Женевадағы Құрметті консулы Жан-Поль Периа сөз сөйледі.

Консулдық Швейцарияның инвестициялары мен технологияларын қазақстандық нарыққа тартуға жәрдем көрсетуге арналған. Ресми кездесуден кейін Қазақстанда жалпы бизнес жүргізу, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық, әсіресе Қазақстан мен Швейцария аймақтары арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша ашық пікіралмасу өтті.

Айта кетейік, Швейцария Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің бірі. 2005 жылдан бері швейцариялық инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 19 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық нарықта «ABB», «Philip Morris», «Glencore», «Nestlé», «Roche», «Novartis», «Syngenta», «Bühler» және тағы басқа швейцариялық компаниялар кеңінен ұсынылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version