Аталған іс-шараларға ресми және іскер топтарының өкілдері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшісі Жанар Айтжанова, Швейцария Сыртқы істер департаментінің Протокол басшысы, Елші Мауро Рейна және Қазақстанның Женевадағы Құрметті консулы Жан-Поль Периа сөз сөйледі.
Консулдық Швейцарияның инвестициялары мен технологияларын қазақстандық нарыққа тартуға жәрдем көрсетуге арналған. Ресми кездесуден кейін Қазақстанда жалпы бизнес жүргізу, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық, әсіресе Қазақстан мен Швейцария аймақтары арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша ашық пікіралмасу өтті.
Айта кетейік, Швейцария Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің бірі. 2005 жылдан бері швейцариялық инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 19 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық нарықта «ABB», «Philip Morris», «Glencore», «Nestlé», «Roche», «Novartis», «Syngenta», «Bühler» және тағы басқа швейцариялық компаниялар кеңінен ұсынылған.