Басты бетЖаңалықтарҚазақстан дамыған...

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін не істеуі қажет?

«2025 жылға дейін әлемнің 30 дамыған елінің тізіміне кіру мақсатына жету үшін біз мыналарды қамтамасыз етуіміз керек: ЖІӨ деңгейінің өсуін жан басына шаққанда 46 100 АҚШ долларына дейін өсіру, еңбек өнімділігінің жылына орта есеппен 4,7 пайызға арттыру», — деді ол жоспарды таныстыру барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өсудің сапасын өлшеу үшін тауарлар мен қызметтерді шикізаттық емес экспорттың үлесінде 44,6-дан 50 пайызға дейін ұлғайту, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесін 26,8-ден 35 пайызға дейін арттыру, негізгі капиталға инвестициялардың ЖІӨ-нен 16,4-тен 19 пайызға дейін өсіру, ұлттық валютадағы несие портфелінің көлемін ЖІӨ-нен 18-ден 50 пайызға дейін өсіру қажет. Мұнан бөлек, цифрландыру индексі бойынша 25, логистика тиімділігінің индексі бойынша әлемдегі 38 елдің қатарына кіру жоспарланады. Бюджеттің мұнай емес тапшылығы үлесін ЖІӨ-нің 6 пайызына дейін төмендету көзделеді.

«Елдің әл-ауқатын арттыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартумен бірге жүруі керек. Оған өмір сүру ұзақтығын 72-ден 75 жасқа дейін ұлғайту, халықтың ең аз қамтылған 40 пайызының табыс үлесінің 22,8-ден 27 пайызға дейін арттыру,  PISA тестіне сәйкес орта білім беру сапасының үш пән бойынша 450-490-ға дейін өсіру, энергия сыйымдылығын 40 пайызға дейін төмендету, өңірлердің ЖӨӨ бойынша даму арасындағы алшақтықты 3,2 еседен 2,7 есеге дейін азайту, Дүниежүзілік банктің индексі бойынша мемлекеттік басқару тиімділігін 51 процентильден 60-75 процентильге дейін көтеру кіреді», — деді Тимур Сүлейменов.

ДереккөзInform.kz