Басты бет Қоғам Қазақстанда жасырын пікір жазғандар қадағаланатын болады — Абаев

Қазақстанда жасырын пікір жазғандар қадағаланатын болады — Абаев

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін ғаламторда жасырын пікірлерді шектеуге қатысты ойын білдірді.

Дәурен Абаев. ©Khabar.kz

«Пікір қалдыру барысында ұлтаралық араздықты қоздыратын фактілер мен келеңсіздіктер, азаматтарды кемсітушілік орын алып жатады. Біз ақпараттық порталдар пікір қалдырушы туралы білуі үшін қадағалау мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отырмыз. Алайда, лақап ат пайдалану құқығын алып тастамаймыз», – түсіндірді ҚР АКМ басшысы.

Дәурен Абаевтың айтуынша, ақпараттық портал лақап атпен белгілі бір азаматтың тіркелгенін білетін болады.

«Конституцияға қайшы қандай да бір іс-әрекет орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына оны қадағалап, талап қоюына мүмкіндігі болады. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пікір жазуға, тіпті сыни пікір жазуға да шектеу қоюды көздемейді», – деп сендірді Дәурен Абаев.

Түзету енгізілген жағдайда керісінше пікірін еркін білдіру құқығы арта түседі.

Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстанда заңнамаға қарсы контенті үшін 3 мыңға жуық сайт бұғатталды. Осы ретте 200 мыңнан астам ескертулер әлеуметтік желілерге жіберілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version