Басты бетЖаңалықтарҚостанай түрмесіне...

Қостанай түрмесіне есірткіні тоқашқа салып өткізбек болған

«34 жастағы облыс тұрғыны 47 жастағы жазасын өтеушіге «сәлемдеме» жіберді. Өткізілгелі тұрған азық-түліктерді тексеру барысында мекеме мамандары тоқаш ішінен сарғыш түсті 4 түйіншекті тапты. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде олардың есірткі заты — героин екені анықталды», — делінген таратылған хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мекеме қызметкерлерінен қулығын асырмақ болған тұрғын жазасын өтеушіге 0,64 грамм героин өткізбек болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

ДереккөзInform.kz