Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған отставкаға кетуі мүмкін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған отставкаға кетуі мүмкін. Ол өзінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін оппозиция өкілдері дәлелдеп берсе, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Көрнекі сурет

Халықтық-республикалық партия көсемі Кемал Кылычдароглу президентті миллиондаған долларды офшорлық компанияларда жасырды деп айыптаған болатын, деп хабарлайды «Астана» арнасы. Олар Ердоғанды қаржыға қатысты мәліметтерді жариялауға шақырды. Ал түрік президентінің қорғаушылары Кылычдароглуны жала жапқаны үшін сотқа беріп, 380 мың доллар өтемақы өндіріп алмақ болды.

«Егер нақты дәлеліңіз болса — айтыңыз! Сөзіңізді жауапсыз қалдырмаймын. Әйтпесе маған жала жапқаныңыз үшін кешірім сұрайсыз. Ердоғанның ақшасы шетелдік банкте жатқанын дәлелдей алмасаңыз — саясаттан кетіңіз, егер дәлелдесеңіз — мен кетемін»,- деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version