Басты бетЖаңалықтарАстанада бірнеше...

Астанада бірнеше қоғамдық көліктердің бағыттары өзгереді

Астана қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық көліктер бағыттарын Сарыөзен көшесінде жүргізілетін жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты өзгертпек.

Нақтырақ айтқанда, № 4 бағдардың бағыты «№ 73 лицей» бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалса, бұл қиылыстан өткен соң автобус Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, ары қарай бағдардың бұрынғы қозғалыс бағытына сәйкес жүретін болады.

№ 34 бағдардың бағыты Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгермейді. Осы қиылыстан өткен соң қоғамдық көлік Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, бұдан кейін оңға Ақмола көшесіне, ары қарай солға Сарыөзен көшесіне солға Наурыз көшесіне өтіп, осы көшенің бойымен жүріп, солға Ұлытау көшесіне жеткеннен кейін соңғы «Қарасу» аялдама пунктіне дейін қозғалатын болады.

№ 46 бағдардың бағыты бойынша қозғалатын автобус «Комфорт Таун» ТК бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп өтеді. Бұдан кейін Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен оңға Ақмола көшесіне жетіп, ары қарай осы көшенің бойымен бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша соңғы аялдамаға жетпек.

№ 71 бағдардың бағыты бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалады. Бұл көшелердің қиылысынан өткен соң автобус Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен солға Ақмол көшесіне өтіп, ары қарай бағдардың бұрынғы бағытына сәйкес қозғалатын болады.

№ 81 бағдардың бағыты «Шарын базарынан» басталатын нүктеден Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалса, аталмыш қиылыстан соң, автобус Тілендиев даңғылымен қозғалып, оңға Баршын көшесіне бұрылып, ары қарай бағдардың бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша жүреді.

«Нұра-Есіл» каналынан шығатын № 102 бағдарлы автобус бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп өтеді. Бұдан кейін ол Тілендиев даңғылымен қозғалып, оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен солға Ақмола көшесіне бұрылып, осы көшенің бойымен бағдардың бұрынңы қозғалыс бағыты бойынша соңғы аялдамаға жетеді.

«Барлық бағдарлар кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады», деп жазылған хабарламада.