Астанадағы xалықаралық конференцияда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жобаға енген 102 адамның Мемлекет басшысымен жолығатынын айтты.
«Біз жоба аясында 102 адамды іріктеп алдық. Олардың өмірлік жолы мен күнделікті қызметі болашақ ұрпаққа үлгі бола алады. «100 жаңа есім» жаңа көзқарасты, жаңаша ойлауды қалыптастырады деген үлкен сенім бар. Бүгін кішігірім құпияны да ашып бере аламын. Жылдың аяғына дейін біз «100 жаңа есімге» кіретіндердің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — деді ол.
Айта кетейік, Астанада «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр.