Басты бетЖаңалықтарАстана кәсіпкерлері...

Астана кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасымен қолдауға ие болуда

Серіктестіктің хирургиялық бөлімінде таяу арада тағы да бір наркозды тыныс алу аппараты пайда болады деп күтілуде. Жалпы құны 10 млн теңгеден асатын құрыл-жабдықтарды компания екі жылға төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша несиеге алып отыр.

Ортопедия академиясы компаниялар тобының бас директоры Инна Камалованың айтуынша, бағдарлама талаптары ШОБ өкілдері үшін өте тиімді. Әсіресе, қымбат қондырғыларды сатып алу тұрғысында тигізер көмегі орасан зор.

«2014 жылдан бері нарықтамыз. Біз негізінен табан ауруларын емдеумен айналысамыз. Көбіне бұл аяқтағы үлкен башпайдың вальгусты деформациясы, яғни майысуы. Әрине, бұл тұста ота жасауға тура келеді ғой. Ал ота жасау үшін тиісті құрал-жабдықтар керек. Наркозды тыныс алу аппараты, рентген аппараты, операциялық үстелдер деген сияқты. Мұндай құралғылар аса қымбат. Мұндай шығынды ШОБ өкілдерінің қалталары көтере бермейді. Ал «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының арқасында медицина саласындағы кәсіпкерлердің несие мен пайыздық мөлшерлемесітөмен субсидияға ие болу мүмкіндігі бар. Бұл – үлкен көмек. Мәселен, біз осы бағдарлама аясында хирургиялық блогымыздың 60% жаңа құрылғылармен жабдықтадық», — деді Инна Камалова.

Сондай-ақ, «Академия ортопедии Астана» ЖШС мемлекеттің тегін медициналық көмек көрсету бойынша тапсырысын орындаушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының кез келген азаматы аталмыш серіктестікте табанына отаны тегін жасата алады.