Шығармашылық сайыс барысында әр қатысушы өзінің жан-жақты білімін, ораторлық және ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуі тиіс болды. Конкурска қатысушы 10-11-сынып оқушылары іріктеу турында Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінен тест тапсырды.
«Интеллектуалды Астанаға саяхат» конкурсына елорданың 39 мектебінің оқушылары қатысты.
Ал, № 64 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Атабек Қуаныш өзінің білімі мен біліктігін көрсетіп конкурс жеңімпазы атанды.