Басты бетЕлімізде әлеуметтік...

Елімізде әлеуметтік ролик сценаристеріне арналған «Ниет» байқауы жарияланды

Байқаудың жеңімпазы 1 000 000 теңгемен бірге режиссер Ақан Сатаевпен бірге ролик түсіру мүмкіндігіне ие болады.

2-орын үшін Apple MacBook, 3-орынға Canon цифрлық камерасы тігілген. Ал жүлделі орынға ілінбеген 10 үздік жұмыс Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің әлеуметтік роликтеріне арналған идеялар базасында сақталады, ал олардың авторлары 30 000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Байқаудың техникалық талаптары:

1. Қатысушылардың жасы – шектеу қойылмайды;

2. Байқау тілі – қазақ және орыс тілдері;

3.Тақырыбы – еркін тақырып.

Тақырып талаптары: 

  • Өзекті әрі заманға сай болуы; 
  • Идеясының ерекшелігі;
  • Жинақы әрі эмоционалды негіздеме;
  • Композициялық үйлесім және толық тұжырымдалуы.

Сценарий көлеміне шектеу қойылмайды.

Сценарий форматы:

  • Мәтін файлы – MicrosoftWord;
  • Қарпі (шрифті) — Arial;
  • Қаріп көлемі — 14.

Қатысушының байланысқа қажетті ақпараты:
  • Байланыс телефонының нөмірі;
  • Электронды пошта мекенжайы;
  • Тұратын қаласы / ауылы.

Байқау жұмыстарын 27 қараша — 24 желтоқсан аралағында [email protected]қа жіберу керек. Толық ақпаратты bestidea.kz сайтынан алуға болады.