Оның айтуынша, Хорватия елшілігін ашу шешімі екі елмен де ақылдасып қабылданған.
«Мемлекеттік хатшымен әңгімелесу барысында екі елдің арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуына көңіліміз толатынын айттық. Дегенмен, адамның әр уақытта да көңілі тола бермейді. Әр кезде де мұнан да жақсарта түсуге тырысады. Келесі жылы Астанада Хорватияның Елшілігі ашылып қалуы мүмкін. Бұл маңызды оқиға болар еді. Екі елдің Үкіметтері арасында шешім қабылданған», — деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қазақстанда шамамен 30 хорватиялық компания жұмыс істейді. Екі ел арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-қыркүйекте 301 млн доллар болды.