Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында Ұлы Отан соғысы ардагеріне мүсін орнатылды

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысы ардагеріне мүсін орнатылды

Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, суретші, әрі композитор Рамазан Елебаевқа арналған мүсін орнатылды. Оның авторы суретші Манарбек Бұрмағанов.

©Ішкі саясат басқармасы

Рамазан Елебаев 1910 жылы Құдықағаш ауылында дүниеге келді.1942 жылы майданға аттанып, әйгілі Панфиловшылар дивизиясы құрамында шайқасты. Бойында бар өнері сарқылмай, шығармаларын ұрыс шебінде жүріп те жаза берген. Оның белгілі «Жас қазақ» әні, Мәскеу түбінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровқа арналған. Сондай-ақ ол 1930 жылы қазақ ат полкында борышын өтеп жүріп,  Сәкен Сейфулиннің сөзіне жазылған «Жолдастар» маршын шығарған еді.

Батырдың сүйегі Ресей Федерациясының Псков қаласында жерленген. Оның жатқан жерінен бір уыс топырақ, әкесі Ержан Елебаевтың зиратына әкеліп салынды. Осылайша  2010 жылы Құдықағаш ауылы өзінің жерлесі Рамазан Елебаевты еске алып,  80-жылдығын атап өткен еді. Жеті жыл бұрын батыр есімі мектепке берліп,  оның ішінде Елебаев туралы барлық деректер жиналған  мұражай ашылды.

Аудан әкімі Асқар Киковтың айтуынша, болашақта Степняқ қаласының көшелерінің біріне батыр композитор есімі беріледі.

Айта кетейік, бүгінгі іс-шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version