Рамазан Елебаев 1910 жылы Құдықағаш ауылында дүниеге келді.1942 жылы майданға аттанып, әйгілі Панфиловшылар дивизиясы құрамында шайқасты. Бойында бар өнері сарқылмай, шығармаларын ұрыс шебінде жүріп те жаза берген. Оның белгілі «Жас қазақ» әні, Мәскеу түбінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровқа арналған. Сондай-ақ ол 1930 жылы қазақ ат полкында борышын өтеп жүріп, Сәкен Сейфулиннің сөзіне жазылған «Жолдастар» маршын шығарған еді.
Батырдың сүйегі Ресей Федерациясының Псков қаласында жерленген. Оның жатқан жерінен бір уыс топырақ, әкесі Ержан Елебаевтың зиратына әкеліп салынды. Осылайша 2010 жылы Құдықағаш ауылы өзінің жерлесі Рамазан Елебаевты еске алып, 80-жылдығын атап өткен еді. Жеті жыл бұрын батыр есімі мектепке берліп, оның ішінде Елебаев туралы барлық деректер жиналған мұражай ашылды.
Аудан әкімі Асқар Киковтың айтуынша, болашақта Степняқ қаласының көшелерінің біріне батыр композитор есімі беріледі.
Айта кетейік, бүгінгі іс-шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.