Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

Көкшетауда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

Көкшетау қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін «Атамекен» орталығы ашылды, деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

©баспасөз қызметі

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанынан орын тепкен орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. «Атамекен» орталығында бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп, маркетинг, кедендік рәсімдер, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және ақпараттық технологиялар салалары бойынша тегін қызмет көрсетілмек.

«Орталықта лицензиялау және қаржыландыру бойынша қолдау жасалады. Мемлекеттік сатып алу мен заң мәселесі жөнінде кеңес беріледі. Әртүрлі бағыттағы бизнестің негізі оқытылады», — деді орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version