«Болашақ» шәкіртақысы: Қандай мамандықтар сұранысқа ие?

 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлер тарапынан сұранысқа ие болып отырған мамандықтарды атады.

©Kazinform.kz

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Құқық», «Халықаралық қатынастар», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Мемлекеттік саясат», «Білім саласындағы басқару», «Журналистика», «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Технологиялар менеджменті, инновациялық менеджмент» сынды мамандықтарға келетін үміткерлердің саны жоғары.

Одан бөлек аталған шәкіртақымен магистр дәрежесін алып, тағылымдамадан өту үшін жеңілдік қарастырылған мамандықтар бар. Олардың қатарына: «Мемлекеттік қызметшілер», «Ғылыми және педагог қызметкерлер», «Инженерлік-техникалық қызметкерлер», «Мәдениет қызметкерлері», «Мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлер», «Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері» кіреді. Аталған мамандықтар үшін IELTS баллы 5.5 болса жеткілікті, себебі тілдік курстардан өтуге болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version