Атап айтқанда, өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 289,0 млрд. теңгені құрап, 3,7 пайызға өссе, ауылшаруашылық өнім көлемі 9,0 пайызға, инвестициялар көлемі 2,0 пайызға артты. Осыған орай мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатына Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы дайындалды.
Қазіргі таңда өзект тақырып ретінде қала аумағына қосылған елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде 2016 жылы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз, 5 елді мекенге электр, 2 елді мекенге газ тартылады. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту 85 пайыздан 88 пайызға, кәріз 41-тен 47 пайызға көтерілсе, электрмен қамту көреткіші 86-дан 88 пайызға, отындық газ тарту пайызы 67-дан 69 пайызға ұлғаяды.
Мұнан тыс шаһарда жарықтандыру, абаттандыру, транспорт саласы бойынша да жүйелі жоспарлар жасалынуда. Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін аз уақыт ішінде 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Биыл өнеркәсіп саласында 29 жобаны іске асырып, 3,0 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Одан бөлек, инвесторларды ынталандыру мақсатында «Тассай» және «Жұлдыз» елді мекендерінен 2 индустриялды аймақ құрылмақшы.
Елдегі үшінші ірі қалаға айналу үшін қаламыздағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін кемінде жылына 20 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешенінің ашылуы және қалада ең үлкен «Shymkent mall» сауда – ойын сауық орталығының құрылысын іске асырылады.
Шымкент-жылыжайлар отаны. Осы мүміндікті пайдалана отырып тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы 136 гектар жер телімін беру жоспарланды. Одан бөлек, жалпы 1100 га жерге көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылады. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.
Шымкент қала әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовқа. Шымкент қаласы Абаи ауданы құрсаи бадам-1 тұрғын үи құрылысына 03.09.2012 жылы халыққа берiлген содан арада бес жыл өттi ауыз су жоқ ауыз су мәселесi өте қиын болып тұр ауыз су қашан келедi. свет жарық электр қуаты жекеменшiк әр киловаты 25 теңге, аи саиын есеп қисап тексерушiге жалақы 400 теңгеден. Электр қуаты Мемлекетке қашан өтедi және қаиуақытта. Газ жоқ газ тартылмаған. Жол жөнделмеген. Тұрғын үи құрылысы иелерi кадастр 19309283708. Кад 19309283015. Кад 19309283272. Кад19309283051. Кад 19309283847. Кад 19309283220. Тағы да тұрғын үи құрылыс иелерi осы мәселенi шешiп беруiңiздi сүраимыз 27.05.2017ж.
Шымкент қала əкімі Нұрлан Сауранбаев мырзаға. Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсаи елді мекені. Құрсаи тұрғындарына 03.09.2012 тұрғын үй құрылысына халыққа берілген арада 6-жыл өтті Ауыз су жоқ халық ауыз суға зар болуда ,табиғи газ келіп тұр жекеменшік əр үйге кіргізу бағасы 275000 теңге халықтың қалтасы көтермейді. Электр энергия жекеменшік əр киловаты 30 теңге электр четшик тексеру жалақы 400 теңге халықты қинауда. Арыз иелері кадастр 19309283708. Кад 193092833015.кад 19309283272. Кад19309283051. Кад 19309283847. Кад 19309283220.Арыз шағымдарымызды шешіп беруіңізді сұраймыз.