Басты бет Жаңалықтар Үрімші қаласында 2018 жылы ҮІ ЭКСПО көрмесі өтеді

Үрімші қаласында 2018 жылы ҮІ ЭКСПО көрмесі өтеді

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімші қаласында 2018 жылдың тамыз айында  «Қытай-Еуразия» ҮІ ЭКСПО көрмесі өтеді.

©Inform.kz

Көрменің жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайтын болады. Шарада кедейлікпен күрес, ерекше азық-түліктер, баспа өнімдері және тағы басқа да тақырыптарға арналған павильондар ашылады.

Жәрмеңке аясында министрліктер деңгейінде 15 форум жоспарланған.

Айта кетейік, аталмыш шараның ұйымдастыру комитеті бастығының орынбасары Хуан Саньпин «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-сы Қытай мен еуразиялық елдер арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды алаңына айналғанын айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version