Көрменің жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайтын болады. Шарада кедейлікпен күрес, ерекше азық-түліктер, баспа өнімдері және тағы басқа да тақырыптарға арналған павильондар ашылады.
Жәрмеңке аясында министрліктер деңгейінде 15 форум жоспарланған.
Айта кетейік, аталмыш шараның ұйымдастыру комитеті бастығының орынбасары Хуан Саньпин «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-сы Қытай мен еуразиялық елдер арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды алаңына айналғанын айтты.