Асхана аптаның алты күнінде таңертеңгі 7.00 ден кешкі сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда бір күнде 1000-ға жуық студент ауқаттанып шыға алады.
Тегін тамақпен бірге «Нұрдәулет» жеке кәсіпорынның иесі Ербол Байжарқыновтың айтуынша, әр сенбі сайын асхана ғимаратында студенттердің ақтөбелік бизнесмендермен кездесу кештері ұйымдастырылмақ.
«Мұндағы менің қағидам – бүгінгі студенттердің арасынан кейін өзіне де, еліне де табыс, пайда және кіріс келтіре алатын түлектер шығатыны анық. Мейлі көп болмай-ақ қойсын, тіпті он саусақтың санындай-ақ болсыншы. Осының өзі жетеді. Мол табысқа қол жеткізген кезде олар өзгелерге көмектесу қажеттігін ұғынса екен деген оймен осы істі қолға алдым. Мүмкін біреу түсінер, біреу түсінбес. Қайырымдылық жасаудың да адамға сыйлайтын сөзбен айтып жеткізгісіз өз ләззаты болады. Мен соны сезініп жүрмін», — деді Ербол Байжарқынов.
Айта кетейік, аталмыш асханада материалдық жағдайы жоғары студенттер үшін ақылы дастархан мәзірі түрлері де бар.