Талдықорғанда волейболдан ел біріншілігінің бірінші туры өтеді

Биыл ерлер арасындағы ел біріншілігінде алты команда бақтарын сынайды. Олар — «Динамо-Қазығұрт (Оңтүстік Қазақстан облысы), «Жайық» (Орал), «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Жетісу — Жастар» (Талдықорған) және «Динамо — Қостанай» (Қостанай). 

Айта кетейік, жарыс 22 қараша күні 10:00-де Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде басталады.

ДереккөзVesti.kz