Аталған «Проектный Олимп» байқауында Бас прокуратураның 5 бірдей жобасы жеңімпаз атанды.
«Жылдың үздік жобасы – кешенді жобаны басқару» номинациясы бойынша 1-орынды «Түрмедегілердің санын азайту бойынша 10 шара» жобасы жеңіп алды. Жүлдені Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары Акимов М.А. табыстады.
«Прокуратура. Smart — басқару» номинациясында «Бизнесті қорғау» жобасы бірінші орын алды.
Екінші орынға — «Заңдылық».
Үшінші орынға- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» және «Прокуратураға – үздік кадрлар» жобалары ие болды.
Сонымен қатар «Цифрлық үздік жоба» жекелеген номинациясында «Заңдылық» жобасы жеңіске жетті.
Бас прокуратураның «Өзгерістер бағдарламасы» ішкі коммуникациясының жүйесі арнайы сертификатпен марапатталды
Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Сараптама орталығы «Проектный Олимп» мемлекеттік секторда кәсіби жобалық басқару бойынша байқауды жыл сайын өткізеді. Байқауға федералды және муниципалдық мемлекеттік органдармен қатар Сбербанк, Росатом және басқа да ресейлік бизнес алпауыттары қатысуда.
Жалпы алғанда 250-ден аса өтініш беріліп, олардың 77-сі ғана финалға өткен.
Мемлекеттік секторда жобалық басқару бойынша Қазақстаннан Бас прокуратура жалғыз финалға шығушы болды.
Аталмыш байқаудың мақсаты жобалық басқарудың тиімді құралдарын өз қызметіне белсенді енгізуші және ұлттық тәжірибені дәріптеуші мемлекеттік сектордың мекемелерін қолдау болып табылады.
Негізінде прокуратура органдарында жобалық менеджмент енгізу өткен жылдан бастап белсенді қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда прокуратураның қоржынында 300-ге жуық бастамалар, 50 жоба әсер ету аймағында, 25-і прокуратураның бақылауында, сондай-ақ 11 жоба Бас прокуратураның жеке бақылауында.