Иван Дычко кәсіпқой бокста Ламарко Эллиспен кездеседі

BoxRec.com порталы мәлім еткендей, Эллис кәсіпқой бокста жалпы алты кездесу өткізіп, екеуінде қарсыласын ұтып, төрт кездесуінде қарсыласынан жеңіліп қалған.

Ал Дычко соңғы айқасын 13 қазанда өткізіп, америкалық Родригес Кейдті үшінші раунда (0-1) тізе бүктірген еді.

Айта кетейік, Иван Дычконың бокс кешіне кіру билеттері 35 доллар (11 638 теңге), 55 доллар (18 288 теңге) және 75 доллар (24 938 теңге) бағасында сатылып жатыр.

ДереккөзInform.kz