Ішімдік ішіп, көңіл көтеруге тыйым салынды

Корей Халық Демократиялық Республикасында той тойлауға тыйым салынды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын, ©ukranews.com

Солтүстік Кореяда той тойлауға, алкоголь өнімдерін көптеп пайдалануға тыйым салынды.

Бұл шара елге салынған халықаралық санкциялардың күшеюіне  байланысты қабылданып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ билігі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейткен еді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп бұл жайында Нью-Йоркте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжу Инмен және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен брифинг өткізер бүрын  мәлімдеген. Жаңа санкциялар Солтүстік Кореяның текстиль өнеркәсібі, балық аулау, ақпараттық технологиялар және өңдеу өнеркәсібіне салынған.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіс Пхеньян 3 қыркүйекте алтыншы рет ядролық сынақ жасаған соң күшейген. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салуға мәжбүрлеген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version