Аталмыш мекемеде қарашаның бірінші жұлдызынан бастап ашық есік күндері өткізіліп келеді. Шара 1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне дейін ұзартылмақ.
Медициналық мекеменің бас дәрігері Рустем Исаевтың айтуынша, тұрғындар дәрігердің жолдамасынсыз емделе алады.
«Бұл бастама тұрғындар денсаулығын нығайтуды көздейді. Осы мақсатта оларға білікті профессорлар мен тәжірибесі мол жоғары санатты дәрігерлер тегін пайдалы кеңестер береді. Осы мүмкіндікті құр жібергісі келмейтіндер емдеу мекемелері мен дәрігерлердің жолдамасынсыз ауруханаға келіп, қаралуына болады. Біз бір айға созылатын ашық есік күнін Тұңғыш Президент күні құрметіне арнап отырмыз», — деді ол.
Айта кетейік, мекемеде жоғары санатты дәрігерлер жұмыс жасайды.