Павлодардағы Ленин көшесінің атауы Астана деп өзгертіледі

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Павлодардағы Ленин көшесінің атауы Астана деп өзгертіледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың депутаты Мақсат Айтышев хабарлады. 

©pavlodarnews.kz

Қаланың құрметті азаматтары облыс әкімдігіне көшенің атын қазақыландыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Әкімдік осы туралы қаулы шығарып, қала мәслихатына жолдаған еді.

20 депутаттан тұратын мәслихат бірауыздан ұсынысқа қолдау білдірді.

«Біз барлық жұмыстарды 1 жетоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Үлгермесек, көше атауын Тәуелсіздік күніне дейін өзгертеміз, — дейді депутат Мақсат Айтышев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version