Басты бетЖаңалықтарАтырауда дәстүрлі...

Атырауда дәстүрлі «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы басталды

Елбасы «Тәртіп сақшылары – адамдардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын мамандық иелері» деп баға берген болатын.

Осындай қастерлі де, қауіпті қызметті атқара жүріп, қоғамның тыныштығы жолында жанын құрбан еткен ерлер де аз емес. Акция осындай бейбіт күн батырларының ерліктерін насихаттап, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруды көздейді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстелге ерлігімен көзге түскен 15 полицей мен бұрын қызмет бабында опат болған тәртіп сақшыларының туған-туыстары қатысты.

Руслан Құрымбаев, ҚР ІІМ департамент басшысының орынбасары: Біздің мақсатымыз – мүмкіндігінше еліміздің барлық аймағын қамту. Осы қызметкерлердің ерлік істері арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру және көпшілікке тәртіп сақшыларының жұмысын насихаттау. Сол себепті біз жастармен және алыс ауыл тұрғындарымен жүздесуді жоспарлап отырмыз.

Дереккөз24.kz