IJF ережесіне сәйкес, әлемдік «Grand Prix» кезеңінде бірінші орын ғалған дзюдошыға 700 ұпай, екінші орынға 490 ұпай, үшінші орынға 350 ұпай беріледі.
Жаңартылған рейтингке Қазақстан ұлттық қыздар құрама командасының мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік 4880 ұпаймен рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орында моңғолиялық дзюдошы Уранцэцэг Мунхбат (4710 ұпай), үшінші орынға сербиялық Мелиса Николич (3793 ұпай) тұрақтаған.
Айта кетейік, 17 қараша күні Гаагадағы әлемдік «Grand Prix» турнирінеде отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміске қол жеткізген болатын.