Қазақстан Гонконгке бие сүтін тасымалдайды

Оның айтуынша, осы азық-түліктер арқылы Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Үрімжіде Қазақстанның сауда үйлері ашылды.

«Қытайдағы сервистік қолдау аясында 40 қазақстандық өндірушінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Жеке бизнес ретінде отандық компаниялардың азық-түлік өнімдері арқылы Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Үрімжіде Қазақстанның сауда үйлері ашылды. Гонконгке май мен құрғақ бие сүтін жеткізу басталды», — деді министр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан экспорттаушы елдердің ішінде 52-ші орынға ие.

ДереккөзInform.kz