Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық үш марафоншы Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық үш марафоншы Азия чемпионатына қатысады

Қытайдың Дунгуан қаласында өтетін Азия чемпионатына қазақстандық үш марафоншы қатысады. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, 26 қараша күні басталатын додада 15 елдің спортшылары бақ сынайды.

©kazathletics.kz

Ұйымдастырушылар таратқан мәліметке сәйкес, қазірге дейін 22 ер, 15 әйел марафоншының қатысатыны нақтыланған. Үшеуі — қазақстандық спортшылар. Олар: Дунгуанда Алексей Гусаров (Алматы), Дана Айдосова (Алматы) және Гүлжанат Жанатбек (Алматы облысы).

Алматылық Алексей Гусаров пен Дана Айдосова бапкері Сорокивскиймен бірге Ыстықкөлде екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Ал Гүлжанат Жанатбекті ресейлік маман Лилия Шобуха дайындайды.

Айта кетейік, марафоннан Азия чемпионатынан бірінші орынға ие болған спортшыға 10 мың, екінші орынға 5 мың, үшінші орынға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version