Ұйымдастырушылар таратқан мәліметке сәйкес, қазірге дейін 22 ер, 15 әйел марафоншының қатысатыны нақтыланған. Үшеуі — қазақстандық спортшылар. Олар: Дунгуанда Алексей Гусаров (Алматы), Дана Айдосова (Алматы) және Гүлжанат Жанатбек (Алматы облысы).
Алматылық Алексей Гусаров пен Дана Айдосова бапкері Сорокивскиймен бірге Ыстықкөлде екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Ал Гүлжанат Жанатбекті ресейлік маман Лилия Шобуха дайындайды.
Айта кетейік, марафоннан Азия чемпионатынан бірінші орынға ие болған спортшыға 10 мың, екінші орынға 5 мың, үшінші орынға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалған.