Бүгін бүкіләлемдік сәлемдесу күні

Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

21 қараша — Бүкіләлемдік сәлемдесу күні. Мерекені 1973 жылдан атап өтеді. Бұл күнді өткізу идеясын Американың Небраска штатында тұратын ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак ұсынды. Бұл «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық белгісі болатын. «Қарапайым да тиімді амал табу қажет», — деп шешкен жігіттер ақжарқын көңілмен әлемнің түкпір-түкпіріне сәлем хаттар жөнелтеді. Олар бүкіл әлемде бейбітшілік орнатып, сол үшін жұрттың бәрін күреске шақыру идеяларын ешкімге тықпаламайды. Тек қана өздерінің сәлемдерін алғандар тағы біреулерге түзу сәлем берсе болғаны. Идея қолдау табады. Содан бастап жыл сайын 21 қарашада Бүкіләлемдік сәлемдесу, қуаныш, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күй күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік телевизия күні

1996 жылы 21 қарашада БҰҰ штаб-пәтерінде өткен тұңғыш Дүниежүзілік телевизия форумының құрметіне сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған.

Музыкасыз күн

Шотланд музыканты мен музыкалық продюсер Билл Драмонд бастама көтерген ресми емес шара. Оның міндеті — музыканың қазіргі қоғамдағы ойсыз қолданылуының өнер формасы ретінде оның құнсыздану мәселесіне назар аударту. Осы күні шараға қатысқан радиостансалар 24 сағат бойы музыка таратпады.