Басты бет Басты Қызылордалық нәзік жандыларға мерекеге орай тосын сый жасалды

Қызылордалық нәзік жандыларға мерекеге орай тосын сый жасалды

Қызылорда қаласының әкімдігі мен «Қызылорда автобус паркі» бірлесіп қаладағы түрлі бағыта қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктерде, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналарымыз бен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтарын таратты. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жазылды.

«Қоғамдық көліктерге мінген аналарымыз бен аруларымыз: «Жыл сайын ұйымдастырылатын шара болса да, біз үшін әр кез ерекше қуаныш, көрсеткен құрметтеріңіз үшін үлкен рахмет» — деп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп жатты», делінген хабарламада.

Жалпы Қызылорда қаласында жыл сайын ұйымдастырылып отыратын бұл шара, биылғы жылы да 7-8 наурыз күндері жалғасады.

20160308032508

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version