Әлемдік ұйым Қазақстанның Рио олимпиадасында қанша алтын алатынын болжады

Әлемдік Infostrada зерттеу орталығы «2016 жылы Риода өтетін олимпиада ойындарында Қазақстан 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 29-орын алуы мүмкін» деп болжаған.

Ұйым Риоде Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиков чемпион атанады деген.
«Боксшы Данияр Елеусінов, балуан Алмат Кебіспаев, дзю-дошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев, Нижат Рахимов күміс алады» дейді зерттеу орталығы.
Жеті қоланы Зүлфия Чиншанло, Карина Горичева, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы (бокс), жеңіл атлет Ольга Рыпакова сынды спортшыларға «беріпті». 2012 жылы Лондон олимпиадасы алдында USA Today басылымы «Қазақстан 2012 жылғы олимпиадада 5 алтын алады» деп болжаған.

Нәтижесінде Қазақстан жеті алтынмен жалпы есепте 12-орынды иеленген еді.

ДереккөзKazOlympicTeam