Басты бетЖаңалықтарАлматыда діни...

Алматыда діни экстремистік идеологияның алдын алу шаралары талқыланды

Бұл өзгерістер өз ретінде жаңа діни ағымдардың пайда болуы, олардың еркін іс-әрекет жасап, ретсіз қызметтерін жандандыруға мүмкіндік алуы, ұлттық қауіпсіздікті, әсіресе рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін арттыруда.

Мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның рухани қауіпсіздігіне кері әсер ететін жаңа діни факторлардың көбеюінің негізінде жатқан себептер мен алғышарттарды анықтау, олардың алдын алу шараларын тұжырымдау, ағымдарды философиялық, дінтанулық тұрғыдан талдай отырып, олардың ментальдық негіздерін саралау бүгінгі күннің негізгі талабы.

Дін

Осы мақсат барысында 2017 жылдың 14 қараша күні П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттеріне экстремистік идеологияның пайда болу және таралу ерекшеліктері туралы мәлімет берілді.

Дінге берілген құқықтық анықтаманың жоқ екендігін есепке алар болсақ, онда «діни экстремизм» терминін негізсіз қолдану азамат құқықтары мен конституциялық негіздеріне қауіп төндіретінін айта кеткен жөн. Діни экстремизммен байланысты ұлттық қауіпсіздік жағдайына баға бере отыра, конфессияның ішкі қайшылықтары мен конфессияаралық қайшылықтармен қатар, дін негізінде қалыптасатын діни экстремизммен қатар, «жаңа діни ағымдардың кеңінен таралуына себеп болып отырған» «өзге мемлекеттерден келетін діни экспансияны» да атап өту қажет.

Жаңа діни құрылымдардың қарқынды дамуы елдегі қалыптасқан этноконфессионалды үйлесімділікті бұзып, конфессияаралық бәсекелестік пен халықтың наразылығын туындатады. Қазақстандағы шетелдік түрлі діни, қайырымдылық қорлары және тағы басқа ұйымдардың филиалдары формальді түрде қазақстандық заңнамаға қайшы келмесе де, діни негізде қоғамдық қысым туындататын жағдайы алаң туғызады. Неопротестанттық және радикалды бағыттағы исламдық ұйымдардың діни ықпалы елдің барлық аумақтарында дерлік ұлғайып келеді.

Дін

Гуманитарлық көмек көрсетпек арқылы көптеген протестанттық ұйымдар халық арасындағы түрлі топтарда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр ,мәдениет, тұрмыс жат, Қазақстан мемлекетіне қатысты өзге, жатсыну позициясын қалыптастыруда. Қазақстандық дәстүрлі конфессияларды құрметпен қарамау, болмыстық деңгейдегі қайшылықтарға және діни сипаттағы экстремистік көріністерге, діни жанжалға, діни себептерге байланысты қоғамға қарсы іс-әрекеттерге жол беру мүмкін және бұл өз кезегінде мемлекетаралық қатынастардың жағдайына ықпал етеді.

Экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрестің маңызды шарттарының бірі жүйелі жалпымемлекеттік бағдарламаны құру, ол өз кезегінде тек құқық қорғауды ғана емес, сонымен қатар террористік іс-әрекеттің әлеуметтік себептерін туындататын және өршітетін саяси, қоғамдық, экономикалық, құқықтық, идеологиялық, уағыз, ақпараттық, күштік, арнайы (оперативті, іздеу салу, техникалық, бақылау) аспектілерін де қамтуы қажет. Бұл шара терроризмнің типологиясын ескеруге, дайындық және жүзеге асырылу деңгейін, жалпы жағдайын, дамуын болжауға және анықтауға себін тигізеді.

Борбасова Қ.М., философия ғылымдарының докторы,

Әл-фараби атындағы Қаз ҰУ, дінтану және

мәдениеттану кафедрасының профессоры