Басты бет Жаңалықтар Астанада футбол фристайлынан ашық чемпионат басталды

Астанада футбол фристайлынан ашық чемпионат басталды

Астанада футбол фристайлынан Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа 20 спортшы қатысып жатыр.

©pwo.su
Аталмыш шараны Қазақстан футбол федерациясы мен «Астана» футбол клубы бірігіп өткізді. Мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанда футбол фристайлы спортын дамыту. Жеңімпаздар үш номинация: sick3, ironman, routine бойынша анықталды.

Қазақстан футбол фристайлы федерациясының президенті Қуаныш Әбдуәлиев жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 спортшы келгенін атап өтті.

«Біз өз федерациямызды осыдан жарты жыл бұрын құрдық. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен мықты деген 20 спортшы келді. Аталған чемпионатқа төреші ретінде Новосібірден Никита Аксенизді, Түменнен Антон Павлиновты шақырдық.  Антон – футбол фристайлының sick3 түрінен екі дүркін әлем чемпионы әрі үш дүркін Ресей жеңімпазы. Жалпы чемпионат үш номинациядан тұрады. Ол – sick3, ironman және routine», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, аталған спорттық шараның өтуіне Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» ресурстық орталығы, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы, Астана қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы», «Олимпиадалық резервттің мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі», «Life Football» спорттық дүкені қолдау көрсетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version