Бүгін Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м\с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с болып, түнде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің күші 15-20 м\с, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында екпіні 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі.