Басты бет Қоғам Қарғалар көшелерді темекі тұқылынан тазаламақ

Қарғалар көшелерді темекі тұқылынан тазаламақ

Енді адамдар тастаған темекі тұқылдарын қарғалар жинайтын болады. Нидерланды ғалымдары қарғаларды жердегі темекі тұқылдарын жинап, қоқыс жәшігіне тастауға үйретуге болатынын дәлелдеді.

©vokrugsveta.ua

Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасай отырып vokrugsveta.ua хабарлады.

Жыл сайын адамдар 4,5 триллион темекі тұқылын тастайды. Олардың жартысы өзенге, өзеннен мұхиттарға кетеді. Жерде қалғандары 12 жылда топыраққа сіңіп кетеді екен.

Ал зерттеушілер осы мәселені Crowded Cities деп аталатын жобаның көмегімен шешпек. Бұл қондырғы қарға әкелген темекі тұқылын тексеріп, шынымен темекі тұқылы болып шықса қарғаға сыйақы ретінде тамақ береді.

Қарға темекі тұқылы
©Dailymail.co.uk

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version