Астанада хоккей жұлдыздары бас қосады

2018 жылғы 10 мен 14 қаңтар аралығында Астанада Хоккей Жұлдыздары 2018 аптасы өтеді. Оған әйелдер, жастар және континенталды хоккей лигаларының ең үздік ойыншылары қатысады.

©allstarweek.com

«Астана Континенталды хоккей лигасының ең үздік ойыншыларын өзінде қабылдауға құқығына ие болды. Астананың бірегей келбеті, оның көптеген көрнекті жерлері КХЛ Жұлдыздар аптасының қонақтарын немқұрайлы қалдырмайды»,- дейді хоккей шоуын ұйымдастырушылар.

Хоккей Жұлдыздары 2018 аптасы «Барыс-Арена» мұз стадионында өтеді. 11 626 көрермен сыятын ультра заманауи спорттық мұз стадионы 2015 жылдың тамызында іске қосылған болатын.

Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубы – Лига құрылған сәттен бастап Континенталды хоккей ликгасының (КХЛ) өзгермейтін қатысушысы, оның құрамына көптеген ғажайып шеберлер кіреді. Қазіргі маусымда қазақстандық клуб КХЛ Шығыс конференциясы көшбасшылары қатарында тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version