Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі іс-қимылы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа басшысы болып тағайындалды.

Фото: Мfa.kz

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Дариға Назарбаева бұл қызметке Бірғаным Әйтімованың орнына келді. Әйтімоваға істеген жұмыстары үшін алғыс айтылды.

Жаңа қызметке кіріскен Дариға Назарбаева қоғамдық кеңестің негізгі міндеті сыртқы істер министрлігі мен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс орнату екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version